Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Сақтандыру қызметi туралы
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады. 

2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс. 

2-1. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс. 

3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс. 

3-1. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық" және "өмірді сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс. 

4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс. 

4-1. Тек қана исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық" және "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс. 

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық компания мәртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады. 

6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды. 

7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...92

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться