Ст. 78 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау
1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады. 2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың осы мәміле бойынша алғанның барлығын қайтаруына жол берілмейді.
Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
Ескерту. Заң 14-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Сақтандыру қызметi туралы 26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымына ірі қатысушы Өрт қауiпсiздiгi туралы 31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар Сақтандыру қызметi туралы 16-бап. Сақтанушыларға ақпарат беру бойынша сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушы... Сақтандыру қызметi туралы 47-бап. Сақтандыру резервтерi Сақтандыру қызметi туралы 37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей