Ст. 76 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығы тәуелсіз аудиторлық расталғаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Сақтандыру холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Осы тармақтың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы:
бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және онда ұсынылған мәліметтердің анықтығы аудиторлық расталғаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей