Ст. 81 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды мерзімінен бұрын бұзу, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар), сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) сыныптары бойынша ұсынады.
1-1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында аталған ақпарат беруші әрбір сақтандыру жағдайы бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.
1-2. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасында аталған ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақпаратты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.
2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға беретін ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде электрондық түрде береді.
4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей