Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы

1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:  

1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;  

2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы; 

3) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-1) тармақша 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған уақытта осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII Конституциялық заңымен.

3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойынша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-2) тармақша 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған уақытта осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII Конституциялық заңымен.

3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді; 

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

4-1) сот актілерін заңда көзделген негіздер бойынша қайта қарау туралы ұсынулар енгізеді; 

5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi. 

6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады; 

6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;  

8) алқалардың жұмысын үйлестiредi; 

8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді; 

9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді; 

9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келіседі; 

9-2) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті органның басшысын тағайындау туралы ұсыну енгізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 

9-3) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

9-4) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;  

11) өкiмдер мен бұйрықтар шығарады. 

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:  

1) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

2) облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді; 

3) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

3-1) Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттардың төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысында оларды талқылау нәтижелерімен бірге баламалы негізде ұсынады; 

4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;  

5) алып тасталды – ҚР 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;  

7) республика судьяларын ведомстволық наградалармен наградтайды, "Құрметті судья" атағын береді және осы Атақты беру тәртібі туралы ережені бекітеді; 

8) алып тасталды - ҚР 2006.12.11 № 199 Конституциялық заңымен;

8-1) қажет болған кезде сот төрелігін іске асыру үшін судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған отставкадағы судьяларды тартады; 

9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.  

3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша болмаған кезде оның мiндеттерi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi. 

Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот судьяларының біріне жүктеледі. 

4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi.  

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...59

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться