Ст. 22 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары
Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;
3) нормативтiк қаулылар, қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың қатысып отырған судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Соттың жұмыс істеп жүрген судьялары санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;
3-1) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 245-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақша 01.07.2025 дейін осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII Конституциялық заңымен.
6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары және судьялары бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;
6-1) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
6-2) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi;
7-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
7-3) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-5) тармақша 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған уақытта осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII Конституциялық заңымен.
7-5) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
7-6) соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу қағидаларын бекітеді;
7-7) облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының үлгілік регламентін бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
7-8) облыстық сот төрағасының және сот алқасы төрағасының, Жоғарғы Сот судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-9) тармақша 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған уақытта осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII Конституциялық заңымен.
7-9) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
2-1. Жоғарғы Соттың судьялары, сондай-ақ облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары жіберетін жергілікті соттардың судьялары қатысатын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы:
1) сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлуді бекітеді;
1-1) судьялардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын бекітеді;
2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамдарына, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынады.
Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына жіберілетін судьялар алқалардың төрағалары, соттардың төрағалары болмауға тиіс.
3. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн регламентпен айқындалады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 82-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Өсімдіктер дүниесі туралы 37-бап. Шекаралық аймақта өсетін өсімдіктермен жұмыс істеу ерекшеліктері Өсімдіктер дүниесі туралы 48-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеру түрлері Телерадио хабарларын тарату туралы 33-бап. Теле-, радиоарналарда жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 36-бап. Жоғары Сот КеңесіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей