Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 30-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 

1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін, судьяның іскерлік пен адамгершілік қасиеттерін және оның осы Конституциялық заңда және Судья әдебі кодексінде қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады. 

Судьяның кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілікті бағалау және оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Судьяның кәсіби қызметін бағалау бірінші рет судья лауазымындағы бір жылдық жұмысының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Одан кейін судьяның кәсіби қызметін бағалау әр бес жыл сайын жүргізіледі. 

Жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

2. Судья жұмысының нәтижелері бір жыл мерзім өткеннен кейін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырысында қаралады және Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің бекітуіне енгізіледі. 

Судья жұмысының нәтижелері мынадай өлшемшарттардың негізінде қаралады: 

1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері; 

2) судья әдебінің нормалары мен еңбек тәртібін сақтау. 

3. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жеті мүшеден – облыстық соттардың үш судьясынан, Жоғарғы Соттың үш судьясынан және отставкадағы бір судьядан тұрады. 

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады. 

Судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия әзірлейді және Жоғары Сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітеді. 

Ескерту. 3-бөлім 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...29‑1 30 30‑1 31 32 ...59

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться