Ст. 152 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
152-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу
1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органында жүргізіледі. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді тіркеу кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді талап ететін кедендік операцияларды жүзеге асыратын кеден органдарының бірінде жүзеге асырылады.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді, оның ішінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді тіркеу кеден органында өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етілуін тіркеу үшін төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
1) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы төлем құжатының көшірмесін;
2) төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және бағалаушының кепілдегі мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
3) кепілгер банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесі шартын және банк кепілдігін;
4) кепілгерлік шартын;
5) сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш табыс етеді.
3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Аталған өтініш кеден органында тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, есепке алу мақсатында кеден органы кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын ресімдейді.
Ескерту. 152-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
17-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ,
КЕДЕНДІК АЛЫМДАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ АҚШАНЫҢ
АРТЫҚ (ҚАТЕ) ТӨЛЕНГЕН НЕМЕСЕ АРТЫҚ
ӨНДІРІП АЛЫНҒАН СОМАЛАРЫН ҚАЙТАРУ
(ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ)
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей