Ст. 177 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Жоғары тұрған кеден органы:
1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағым жасау мерзімі бұзыла отырып берілген;
2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) шағымды осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталмаған тұлға берген;
4) осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.
2. Жоғары тұрған кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
Жоғары тұрған кеден органы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Жоғары тұрған кеден органының осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
Ескерту. 177-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР кеден iсi туралы 180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе)ұзарту Конституция РК Статья 55. ҚР кеден iсi туралы 181-бап. Жоғары тұрған кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны Налоговый Кодекс РК Статья 583. Общий порядок исчисления и уплаты налога ҚР кеден iсi туралы 48-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібіРекомендованные страницы
ҚР кеден iсi туралы 213-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу ҚР кеден iсi туралы 1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) ҚР кеден iсi туралы 377-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы 9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi ҚР кеден iсi туралы 338-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей