Ст. 123 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
123-бап. Жалпы ережелер
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі: 1) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) төлеушінің банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу.
2. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті оған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өтемеген жағдайда, кеден органы осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәсілдері қолданылғаннан кейін оның кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда, заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, кеден органы осындай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлға кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама өзіне табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушілерге – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, бюджетке берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
3. Кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері төлеушіге осы тарауда көзделген мерзiмдерде қолданылады.
4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) банкрот деп таныған жағдайда – соттың төлеушіні банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген, берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомасы бойынша осы тараудың ережелеріне сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.
Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей