Ст. 390 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
390-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен өзге де жүк операцияларына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жөнелтуші кеден органының рұқсатымен көліктің бір түрінің көлік құралынан көліктің басқа түрінің көлік құралына Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) жүзеге асыру, көлік құралдарының жүкжайларына (бөлекжайларына) салынған кедендік пломбаларды және мөрлерді жою не көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды ауыстыру жағдайларында жол беріледі. Көрсетілген шешім транзиттік декларация берілгенге дейін алынуға тиіс.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және көлік құралдарына қатысты операциялардың салынған кедендік пломбаларды және мөрлерді жоюсыз жасалуы мүмкін болса не Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларына кедендік пломбалар және мөрлер салынбаса, осындай операцияларды жасауға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарлары және көлік құралдары келгенге дейін жөнелтуші кеден органы мен межелі кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда хабардар ете отырып жол беріледі.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар жөнелтуші кеден органының рұқсатынсыз жасалған жағдайда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының мәртебесін жоғалтады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде шетелдік тауарлар ретінде қаралады, бұған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің тиісті құзыретті органдарының құжаттарымен расталатын аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан мұндай операцияларды жасау жағдайлары қосылмайды.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша жасалса, қолданылмайды, бұл құжаттама түрінде не осындай мемлекеттік органдар қолданған сәйкестендіру құралдарымен расталады.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға кеден органының рұқсатын алумен немесе кеден органын осындай операцияларды жасау туралы хабардар етумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 104-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 556-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 501-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі Өзін-өзі реттеу туралы 8-бап. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимылыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей