Ст. 63 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
63-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе оны кері қайтарып алу
1. Кеден органы тауардың шығарылған жері туралы өзі қабылдаған алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, сондай-ақ өзі не төмен тұрған кеден органы қабылдаған тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім немесе оны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды. 2. Кеден органы немесе өтініш иесі тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде жіберілген және тауардың шығарылған жері туралы мәліметтерге әсер етпейтін қателерді анықтаған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады.
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
3. Егер:
1) кеден органы тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешімді қабылдау үшін өтініш иесінің анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер қамтылған құжаттар, қолдан жасалған құжаттар не анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаған;
2) кеден органы тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешімді қабылдау кезінде жіберілген және тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтерге әсер ететін қателерді анықтаған жағдайларда, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданады.
4. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы осы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім берген кеден органы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тауардың шығарылған жері туралы, қолданысы тоқтатылған алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш беру кезінде өтініш иесі ұсынған мәліметтер негізінде тауардың шығарылған жері туралы жаңа алдын ала шешім қабылдайды. Тауардың шығарылған жері туралы мұндай жаңа алдын ала шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
6. Егер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына тауарлардың шығарылған жерін айқындау өлшемшарттары бөлігінде, өздеріне қатысты тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылданған тауарлардың шығарылған жерін айқындауға әсер ететін өзгерістер енгізілген жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданады.
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына көрсетілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
7. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім мұндай шешімдер қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, мұндай шешімдердің қабылдану себептері көрсетіле отырып, өтініш иесіне жіберіледі, сондай-ақ кеден органдарының назарына жеткізіледі.
6-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей