Ст. 64 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
64-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тараудың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады: бірдей тауарлар – барлық жағынан, оның ішінде физикалық сипаттамалары, сапасы және беделі бойынша бірдей тауарлар. Тауарлардың сыртқы түріндегі болмашы айырмашылықтар, егер бұл тауарлар қалған жағынан осы абзацта көзделген талаптарға сәйкес келсе, оларды бірдей емес деп тану үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, бағаланатын тауарлар (бұдан әрі осы тарауда – бағаланатын тауарлар) өндірілген елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орындалған болса, ол тауарлар бірдей болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "шығарып алынған", "өсірілген", "дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, құрастыру немесе бөлшектеу жолымен дайындалған)" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген бірдей тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға қолайсыз деп есептелген жағдайда ғана қарастырылады;
біртекті тауарлар – барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ өздерінің бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауына және олармен бірін-бірі коммерциялық тұрғыда алмастыра алатын тауарлар болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын, дәл сондай материалдардан өндірілген тауарлар. Тауарлардың біртекті болып табылатын-табылмайтынын айқындау кезінде сапасы, беделі және тауар белгісінің болуы сияқты сипаттамалар ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндірілген елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орындалған болса, тауарлар біртекті болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "шығарып алынған", "өсірілген", "дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, құрастыру немесе бөлшектеу жолымен дайындалған)" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар сол өндірушінің біртекті тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға қолайсыз деп есептелген жағдайда ғана қарастырылады;
дәл сол сыныптың немесе түрдің тауарлары – бірдей және біртекті тауарларды қоса алғанда, тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын және дайындалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлар;
жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттары – тиісті уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданылатын бухгалтерлік есепке алу қағидаларының жүйесі;
өзара байланысты тұлғалар – мына шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап беретін:
олар бір бірінің ұйымдарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылатын;
олар заңды тұрғыда танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысқан, пайда табу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірге көтеретін;
олар жұмыс беруші және жұмыскер болып табылатын;
қандай да бір тұлға олардың екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелік ететін, оларды бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын;
олардың біреуі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын;
олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын;
олар бірігіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын;
олар туысқандар немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлғалар.
Егер тұлғалар бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылса және бұл ретте олардың біреуі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дистрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылса (бұл қалай ұсынылса да), мұндай тұлғалар, егер олар көрсетілген шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап берсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс.
Егер тұлға заң жүзінде немесе практика жүзінде басқа тұлғаның әрекеттерін шектеу немесе оны басқару мүмкіндігіне ие болса, ол осы тұлғаны бақылайтын болып есептеледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей