Ст. 36 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
36-бап. Жылу энергетикасы саласындағы жалпы қауіпсіздік ережелері және жылу энергетикасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
1. Жылу энергиясының көздері мен жылу желілерінің жабдығын, тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларды пайдалану кезіндегі ұйымдастыру іс-шаралары адам өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. 2. Жылу энергиясы және жылу энергиясын өндіруге, тасымалдауға және тұтынуға арналған жабдық техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
3. Жылу желілеріндегі жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлері белгіленген температуралық графикке сәйкес келуге тиіс.
4. Жылу энергетикасының неғұрлым маңызды объектілерін күзетуді арнаулы әскерилендірілген күзет қызметтері немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері жүзеге асырады. Мұндай объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5. Қарамағында жылу желілері бар жылу энергетикасы субъектілерімен келiспей, жылу желiлерiнің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздестіру жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, құрылысжайларды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.
6. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру мен тасымалдаудың біртұтас технологиялық процесіне қатысатын мүлкі бөлінбейтін мүлік болып табылады.
7. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясының көздерін және жылу желілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу мен сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру уәкілетті орган мен табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей