Ст. 12-5 Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы
12-5-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін бақылау және қадағалау
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметіне қатысты тексеруді және бақылаудың (қадағалаудың) өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасында белгіленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданады.
3. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қадағалап ден қою шараларының мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
2) қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
3) қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.
4. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің, олардың салдарының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің, олардың салдарының ауқымы мен айтарлықтай болуы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі, ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жай-күйге әсері;
5) таңдалған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер ескеріледі.
5. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатымен ресімделеді, онда осы шараны қолдану негіздері және анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарлама және (немесе) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайларда қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескерту қамтылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады. Қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жазбаша нұсқамада орындалуы міндетті шаралар қабылдауды және жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну қажеттілігін нұсқап көрсетеді.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының әрбір тармағын орындау үшін жауапты басшы қызметкерлер қамтылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулері болған жағдайда және (немесе) егер жоспарланатын іс-шаралар көлемі жиырма іс-шарадан асатын болса, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімі тек бір рет он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарына ескертулері болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулерін ескере отырып пысықталған іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға оны іске асыруға кіріседі.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметіндегі бұзушылықтарды жою мақсатында қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының әрбір тармағының орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасында белгіленген мерзімде ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ескертулері болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулерін ескере отырып пысықталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе ол бойынша өз қорытындысын жібереді, онда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаға жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігі туралы нұсқау қамтылады.
8. Қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шара, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі мақұлданған іс-шаралар жоспарын немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шарасы қолданылған тұлғаға жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігіне нұсқауы бар қорытындысын алған күннен басталады.
Қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шара, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін іс-шаралардың орындалуы туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген әрбір іс-шара бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген, оларды жүзеге асыру күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 12-4-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 12-3-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының лицензиясын беруден бас тарту негіздері Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 12-2-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін реттеуРекомендованные страницы
О региональном финансовом центре города Алматы Статья 5. Задачи и функции уполномоченного органа Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 3-бап. Қаржы орталығын құру мақсаттары және оның жұмыс істеу принциптері Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 12-3-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының лицензиясын беруден бас тарту негіздері Рұқсаттар және хабарламалар туралы 43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа көшіру Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 12-2-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін реттеуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей