Ст. 12-6 Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VII ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы
12-6-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру үшін негіздер
1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензияны беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігінің анықталуы;
2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкерлеріне және (немесе) қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының сақтамауы;
3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының осы Заңда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғысында немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияда белгіленген оның құқық қабілетінің шегінен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, сатуға және (немесе) айырбастауға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) ұсынбау;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, сатуға және (немесе) айырбастауға байланысты көрсетілетін қызметтер бойынша анық емес мәліметтерді ұсыну;
7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізілуіне кедергі келтіруі.
2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиялардан айыру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қайта ұйымдастыру немесе тарату не соттың қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының кәсіпкерлік қызметтің өзге түрін жүзеге асыруы;
5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған өзіне берілген лицензияға сәйкес ол берілген немесе өз қызметін қатарынан алты айдан асатын кезеңге тоқтатқан күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қызметін жүзеге асырмауы.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензиядан айыру туралы шешімді қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осындай шешімді қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының назарына жеткізген күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы алдын ала шешім туралы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданатын күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атынан оның бірінші басшысы ғана шағым жасауға құқылы.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 12-1-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы 11-1-бап. Ұлттық стратегиялық крипторезерв туралы жалпы ережелерРекомендованные страницы
Телерадио хабарларын тарату туралы 20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2-бап. Алатау қаласының аумағы мен қала маңындағы аймағы Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу 314854000 КАТО НК РК 11-2009 Сортобинский с.о.Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей