Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
15-бап. Жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету

1. Жүргізілген валюталық операциялар, оның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар етуді уәкілетті банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберілетін есептер нысанында жүзеге асырады. 

2. Уәкілетті банктер төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде, сомасы шекті мәнге тең болатын немесе одан асатын жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар етеді.  

Резидент немесе бейрезидент болып табылатын клиент шекті мәнге тең болатын немесе одан асатын сомада валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізу үшін уәкілетті банкке мынадай: 

1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілгендермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елі;  

2) корпоративішілік ақша аударымының белгісі (заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асыратын немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылатын операциялар үшін); 

3) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның коды туралы мәліметтерді ұсынады. 

Егер клиент резидент болып табылса, онда валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы соның негізінде және (немесе) оны орындау үшін жүргізілетін валюталық шарт бойынша қосымша мынадай: 

1) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші және ақша алушы туралы мәліметтерді; 

2) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің және ақша алушының тіркелген елі;  

3) валюталық шарттың деректемелері және валюталық шарттың есептік нөмірі (ол болған кезде) туралы мәліметтерді ұсынады. 

Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы туралы осы тармақта көрсетілген мәліметтерді клиент уәкілетті банкке ұсынады немесе уәкілетті банк клиент ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер негізінде өзі дербес көрсетеді. Валюталық бақылау агенті ретінде уәкілетті банк валюталық операцияның кодын және осы тармақта көзделген өзге де мәліметтерді көрсетудің дұрыстығын қамтамасыз етеді. 

Хабардар етуге жататын валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымының сомасына қатысты шекті мән, валюталық операциялардың кодтары және осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

3. Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, уәкілетті банктердің жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады. 

Мәліметтердің тізбесіне және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банктердің оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады. 

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды жасау мән-жайларын нақтылау мақсатында валюталық бақылау агенттерінен немесе резидент-жөнелтушіден, немесе резидент-бенефициардан хабарламаға енгізілген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша, осындай төлем және (немесе) ақша аударымы соның негізінде және (немесе) оны орындау үшін жүзеге асырылған валюталық шарттың көшірмесін, сондай-ақ осындай валюталық шарт бойынша өзге де мәліметтерді талап етуге құқылы. 

5. Осы баптың талаптары "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...26

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться