Ст. 16 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
16-бап. Шетелдік банктердегі шоттар туралы хабардар ету
1. Резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банкте шот ашылғаны туралы осындай шотты пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырғанға дейін осындай шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау арқылы хабардар етеді. Резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмірін көрсете отырып, шетелдік банкте ашылған шотты пайдаланып жүргізілген операциялар бойынша ақпарат ұсынады.
Резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып өтінішті және шоттың деректемелері көрсетілген шетелдік банк құжатының көшірмесін ұсынады.
Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі шоттың деректемелері өзгерген немесе ол жабылған жағдайларда, резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бұл туралы белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
2. Резидент-жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банктердегі шоттары туралы хабардар етпейді. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) ақша аударымдары туралы осындай ақша аударымдарын жүзеге асыратын уәкілетті банк хабардар етеді.
3. Резидент-заңды тұлғалардың (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі шоттар үшін есептік нөмірлерді алу тәртібі, осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы жөніндегі есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, олардың шетелдік банктегі шот деректемелерінің өзгергені немесе оның жабылғаны туралы хабардар ету тәртібі, жеке тұлғалардың ақша аударымдары туралы есептерді уәкілетті банктердің ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
4. Осы баптың талаптары "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қолданылмайды.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей