Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17-1 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Iшкi су көлiгi туралы
17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеруді жүргізуі

Ескерту. 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру кеменің (оның ішінде шағын көлемді кеменің) (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін. 

Iшкi суларда жүзетiн кемелердi және шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру – навигацияаралық кезеңнен кейiн, ал "өзен-теңiзде" жүзетін кемелердi теңiзде пайдаланғаннан кейiн олар iшкi су жолдарына кiрген кезде жүргiзiледi. 

Кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) бақылау мақсатында қарап-тексеру навигация кезеңiнде екi айда бiр реттен жиiлетпей немесе көлiк оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргiзiледi. 

2. Өздiгiнен жүзетiн кемелердi қарап шығу кезiнде мыналар тексеруге жатады:  

1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзiмдерi, оларды жүргiзу тәртiбi);  

2) штат кестесi мен кеменi пайдалану режимi мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесiнiң бұйрығы (немесе басқа құжат);  

3) iшкi су жолдарының навигациялық карталары;  

4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерiн, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (саны, жүргiзу сапасы):  

вахталар кестесi;  

дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерiнiң жеке карточкалары;  

ауа-райы болжамдарының журналы (тiгiнi);  

жол ақпараттарының және кеме жүргiзушiлерге берiлген хабарламалар журналы (тiгiнi);  

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттарындағы тіркеу нөмірлерінің, корпусында жүк маркасының болуы және жай-күйі; 

6) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгілiк сызбаларына сәйкестiгi;  

7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергiштiк, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кеменi басқару постынан көрудi қамтамасыз ету;  

8) жарықтық және дыбыстық сигнал берудің болуы және жұмыс істеуі; 

9) навигациялық, штурмандық және электрлi радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен iс-әрекетi;  

10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тiркелiмi нормаларына сәйкестiгi, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;  

11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы; 

12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы; 

13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тiркеу құжаттарында көрсетiлген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi, вахталарды атқару режимiн, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы iстен шыққандағы iс-әрекет бойынша жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгiн сақтауы;  

14) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң ұйғарымдарының орындалуы тексерiледi. 

2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде: 

1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);  

2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы; 

3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi; 

4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;  

5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады. 

3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері осы Заңның 7-1-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды. 

Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды. 

Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады. 

Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады. 

Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қадағалау актісінде бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып, жазба жасалады. 

Қадағалау актісінің бірінші данасы – кемеде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады. 

Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады. 

4. Шағын көлемді кемелердi қарап-тексеру кезiнде: 

1) кеме билеті; 

2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік; 

3) техникалық куәландырудан өткендігі; 

4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуының сақталуы; 

5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы; 

6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы; 

7) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы; 

8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі; 

9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;  

10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі; 

11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі; 

12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы; 

13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы; 

14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады. 

5. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң лауазымды адамы шағын көлемді кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің жұмыскері осы Заңның 7-1-бабының 2-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды. 

Жедел ден қою шаралары қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі аумақтық бөлімшеде сақталады. 

Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып, жазба жасалады. 

Қадағалау актісінің бірінші данасы – кеме иесінде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде сақталады. 

Шағын көлемді кемеге қарап-тексеру жүргізген аумақтық бөлімшенің жұмыскерлері шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады. 

Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 17‑1 17‑2 18 ...103

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться