Ст. 15 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
15-бап. Әскери есепке алу
1. Азаматтар, мыналарды: 1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды;
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.
2. Әскери есепке алуды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) орны бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.
3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
4. Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тиісті әскери басқару органдарында (басқару органдарында), әскери бөлімдерде (бөлімдерде) және мекемелерде есепке алуға жатады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

город Астана, ул.Туркестан 2, выезд в регионы
Комментариев: 30
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Всего

London
Всего

Всего
Новые комментарии на сайте
Гость
19.02.25 21:28:31
Гость
19.02.25 21:14:06
Гость
19.02.25 21:12:09
Гость
16.02.25 21:29:46
Гость
16.02.25 21:27:54
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей