Ст. 13 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау
Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігіне, сондай-ақ әскери оқытылған резервті толықтыру қажеттігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау – өтеусіз және өтеулі негіздерде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеулі негізде жүргізіледі.
1-1. Азаматтарды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Әскери-оқу практикасы әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындарының оқу-материалдық, техникалық базасы пайдаланыла отырып жүргізіледі.
2. Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісінше "запастағы лейтенант" немесе "запастағы сержант" әскери атағы беріледі.
3. Азаматтарды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрлігі:
1) әскери кафедра (әскери факультет) қызметінің қағидаларын;
2) әскери кафедрадағы (әскери факультеттегі) әскери даярлық бағдарламаларының тізбесін;
3) әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 211-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 22-бап. Ротация ҚР Азаматтық кодексi 358-бап. Мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң мөлшерiн шектеу Азаматтық қорғаныс туралы 4-бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi Қаржы лизингi туралы 11-бап. Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей