Ст. 30 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері
Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар көрсетілген күні мен уақытында жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша (медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға, зерделеу жүргізуге, әскерге шақыру комиссиясының отырысына немесе әскери қызмет өткеру үшін әскери бөлімге (мекемеге) жіберу, сондай-ақ әскери қызметке қатыстылығын айқындау үшін) келуге міндетті. Шақыру келу күніне дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мәтіндік хабар арқылы шақыру қағазын жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Ұялы байланыстың, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы қолма-қол жеткізіледі не тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша пошта арқылы жіберіледі. Жергілікті әскери басқару органдарының уәкілетті адамдары, ұйым басшысы не пошта операторының курьері шақыру қағазын әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа оның қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етеді.
Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан кезде оны табыс ететін адам шақыру қағазына тиісті белгі жасайды, ол жергілікті әскери басқару органына қайтарылады. Шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан азамат тиісті түрде хабарланған болып табылады.
Қажет болған кезде қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа жергілікті әскери басқару органында табыс етіледі, бұл ретте келу күні келесі күннен кешіктірілмей белгіленуге тиіс.
Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат шақыру қағазын мынадай жағдайларда:
1) өзі жергілікті әскери басқару органына берген не азаматтың атына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша алса, жеткізілгенін растайтын есеп алынған кезде;
2) "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жіберіле отырып, "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетінде;
3) тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша алса, сондай-ақ шақыру қағазын жергілікті әскери басқару органында алған кезде тиісті түрде хабарланған болып табылады.
Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарды, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің өзгеруіне байланысты оқымаған жағдайда, ол тиісті түрде хабарланған деп танылмайды.
Әскерге шақырылуға жататын азамат шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге міндетті.
Әскери қызметке шақырылуға жататын, шақыру туралы тиісті түрде хабарланған азаматтың келмеуінің дәлелді себептері мыналар болып табылады:
1) адамды келу мүмкіндігінен айыратын сырқат;
2) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы;
3) дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер;
4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу.
Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша келмеген жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.
2. Әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарына шақырылған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда – ҚР 16.07.2025 № 211-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей