Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары

1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады: 

1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары; 

2) комиссия мүшелері: 

ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы; 

ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; 

ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы; 

хатшы. 

Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді. 

Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. 

Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады. 

2. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы: 

1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады; 

2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді; 

3) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды; 

6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды. 

3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 

1) әскери қызметке шақыруға жатады; 

2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын; 

3) әскери қызметке шақырудан босатылсын; 

4) әскери міндеттi атқарудан босатылсын. 

Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi. 

Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. 

4. Уәкілетті органдардың басшылары денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жояды және олар әскери ант қабылдағанға дейін оның орнын басқа адаммен ауыстыра отырып, әскерге шақыру комиссиясына қайтарады. 

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...26‑1 27 28 29 30 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться