Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру

1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі. 

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, әскери, арнаулы оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды. 

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, әскери, арнаулы оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды. 

Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне: 

1) еңбек сіңірген жылдары; 

2) мемлекеттік қызметте болу уақыты; 

3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді. 

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді. 

Əскери қызметшілерге ақшалай ризық: 

1) дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған; 

2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген; 

3) қамақта болған кезеңдерде; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді. 

Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді. 

1-1. Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезеңін қоспағанда, ай сайын бюджет қаражаты есебінен ең төмен жалақы мөлшерінде ақшалай төлем алады. 

Резервтегі әскери адамдарға жауынгерлік даярлық бойынша жиындарды немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды өткізу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен: 

жұмыс істейтін адамдарға – жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақы; 

жұмыссыз адамдарға – ең төмен жалақы төленеді. 

Резервтегі әскери адамдарға өзге төлемдер, үстемеақылар, қосымша ақылар көзделмейді. 

2. Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді. 

3. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі. 

4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және бөлімдерінде тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді. 

5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

5-1. Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері: 

1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде; 

2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді. 

Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Медициналық көрсетілімдер болған кезде әскери қызметшіге құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылады. 

Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуді толық көлемде алады. 

6. Әскери қызметшілер бюджет қаражаты есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. 

7. Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда: 

1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде; 

2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде; 

3) тәуліктік нарядты атқарған кезде; 

4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде; 

5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде; 

6) маяктарда вахтада тұрған кезде; 

7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде; 

8) парашютпен секірген кезде; 

9) күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде; 

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болған кезде; 

11) гауптвахтаға жапқан кезде; 

12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. 

Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақтанумен қамтамасыз етіледі. 

Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі. 

Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді. 

Әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, әскери оқу орындарына түсу кезінде әскерге шақырылушылар, сондай-ақ оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және әскери колледждерде казармалық жағдайда тұратын кандидаттар бюджет қаражаты есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) өтеулі негізде білім алып жатқан студенттері өз жанында тиісті әскери кафедралар (әскери факультеттер) жұмыс істейтін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. 

Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды. 

Ұдайы жауынгерлік əзірліктегі əскери бөлімдерде взвод (топ, есептоп) жəне рота (батарея, жеке взвод, 4-дəрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлік құрам лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы жəне сержанттық құрамдар лауазымдарындағы Қарулы Күштердің əскери қызметшілері қызмет уақытының регламентінде белгіленген жұмыс күндері бюджет қаражаты есебінен тамақтандырумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі. Әскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды. 

Резервтегі әскери адамдар: 

1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтандырумен; 

2) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етіледі. 

8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің: 

1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған; 

2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан; 

3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін; 

4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан; 

5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан; 

6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан; 

7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан; 

8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан; 

9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан; 

10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан; 

11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан; 

12) мыналармен: 

əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен; 

қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен; 

қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар. 

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен әуе көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.  

Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен төленеді. 

Курсанттарды, кадеттерді, əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше құрамында) ауыстырылған кезде оларға əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне əрбір отбасы мүшесіне: 

1) жұбайына (зайыбына); 

2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласына (балаларына), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласына (балаларына); 

3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласына (мүгедектігі бар балаларына), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамға (мүгедектігі бар адамдарға) бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді. 

Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді. 

9. Далалық төлемдер уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тәулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 321-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 211-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...55

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Мне сейчас уже 54 года и у меня ещё ни разу не было отношений, ни разу !!!!

Ни как не получается познакомиться с женщиной, мне недавно предложили (СНЯТЬ) проститутку, но после того как я её повёл на квартиру произошла полицейская ОБЛАВА и нас с ней задержали сотрудники полиции и начали обвинять в СВОДНИЧЕСТВЕ, грозят при этом внушительным сроком, я тогда пытался объяснить этим БАЛБЕСАМ что мол у меня ни разу не было ЖЕНЩИНЫ, а они только смеются и говорят что мол это твои проблемы, как быть ???


у меня был евразийский. ходили в офис и писали на возврат. они были в шоке, обычно никто не просит, обычно возвращают если умер владелец, но вы же живы менеджер говорит , показала пункт в договоре они ходили долго совещались, походу сами не читали его никогда. писали заявление в 2-х экземплярах, один забрали с отметкой что они приняли и указали пункт в договоре страхования о том что имеем право запросить разницу при условии досрочного гашения авто кредита, и то оказывается мы должны были за месяц предупредить что хоти досрочно закрыть кредит. справку взяли в банка что не должны им. так что прочитайте договор страхования.



доброе утро. Как можно вернуть сумму страхования номад лайф . Оформиои при получение автокредитования


Добрый день.

какая нагрузка на грузчиков в производственных предприятиях установлено в ТК РК? существуют ли какие-то нормативы?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться