Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі

1. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды. 

Әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып тастаулар мен шектеулер, ерекше міндеттері мен жауаптылығы осы Заңда белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі. 

Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар: 

әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап; 

келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап; 

техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери, арнаулы оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери, арнаулы оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап; 

негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап; 

резервтегі әскери адамдар – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады. 

Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады. 

Резервтегі әскери адам әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды немесе жиындарды, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап не резервтегі әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап әскери қызметші мәртебесін жоғалтады. 

2. Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыларға сәйкес олар үшін бастықтар болып табылатын адамдарға ғана бағынады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа ешкім де олардың қызметтік істеріне араласуға құқылы емес. 

3. Әскери қызметші: 

1) лауазымдық міндеттерін орындаған; 

2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттер орындаған; 

3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан; 

4) террорға қарсы операцияларға қатысқан; 

5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан; 

6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан; 

7) күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе қызметтік қажеттіліктен туындаған басқа да уақытта әскери бөлімнің (мекеменің) аумағында болған; 

8) қызметтік іссапарда болған; 

9) қызмет орнына барған және кері қайтқан; 

10) емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан; 

11) әскери жиындардан өткен; 

12) тұтқында, кепілде немесе еркінен айырылу жағдайында болған; 

13) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен; 

14) қолданыстағы резервте болған; 

15) біліктілігін арттыруда, курстық даярлықта, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған; 

16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады. 

Офицерлер құрамын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілердің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады. 

Мерзімді қызмет әскери қызметшісі мерзімді қызмет өткерудің барлық уақыты ішінде, ал әскери міндетті – әскери жиындарды өткерудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайды. 

Резервтегі әскери адамдар әскери бөлімде (мекемеде) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, сондай-ақ дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде әскери қызмет міндеттерін орындауда болады. 

4. Командирлерге (бастықтарға) әскери қызмет міндеттерін орындауға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар (бұйырулар) мен өкімдер беруге тыйым салынады. 

5. Əскери қызметшілерге олардың мəртебесін куəландыру үшін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, əскери қызметшінің жеке куəліктері (əскери билеттер) жəне (немесе) қызметтік куəліктер беріледі. 

6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарының жедел-іздестіру жəне барлау қызметін жүзеге асыруға уəкілеттік берілген офицерлік құрамының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі əскери барлау органдарының қызметтік куəліктері беріледі. 

Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды. 

7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілеріне өздерінің жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куəліктер мен жетондар беріледі. 

Қызметтік куəліктер мен жетонды беру, пайдалану тəртібін жəне олардың сипаттамасын уəкілетті органның басшысы айқындайды. 

Əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілерінің қызметтік куəлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды. 

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 211-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться