Ст. 5 Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII ҚРЗ
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы
5-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер
1. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай: 1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;
2) арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы;
3) борышкерге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет;
4) арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмауы шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.
2. Егер борышкер арыз берілген күннің алдындағы алты ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылса, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының ережесіне қарамастан, ол арыз беруге құқылы болады.
3. Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі арыз берілген күнге бес жылдан асса, осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, борышкер арыз беруге құқылы болады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей