Ст. 101 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар: 1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;
2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
4) депутат өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы не мандаттан айырылу шығып қалғандардың орнына депутаттарды сайлауды тағайындауға негіз болып табылады.
2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.
3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
3-1. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы тағайындайды.
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясымен келісу бойынша басқа күнге тағайындауы мүмкін.
4. Алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен Президент сайлауымен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 № 375, 2004.04.14 № 545, 2007.06.19 № 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.02.09 № 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2018 № 162-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 484-бап. Энергия мөлшерi Лесной кодекс РК Статья 43. Организация лесного хозяйства на участках государственного лесного фонда Дене шынықтыру және спорт туралы 40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау О выборах в Республике Казахстан Статья 99. Проведение внеочередных выборов депутатов Мажилиса и выборов депутатов вместо выбывших Спонсорская помощьРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей