Ст. 11 Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ
Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы
11-бап. Сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
1. Сатып алу:
1) тендер;
2) аукцион;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) бір көзден алу тәсілдерімен;
5) тауар биржалары арқылы;
6) электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылады.
7) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен сатып алу сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес алдын ала біліктілікті іріктеу қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілмен сатып алу Қор және Қордың ұйымдары сатып алуды жүзеге асырған кезде қолданылмайды.
5. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген сатып алу тәсілі сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен биржалық тауарлар тізбесіне қолданылады.
6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Сатып алуды жүзеге асыру тәсілін тапсырыс беруші осы Заңға, сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындайды.
8. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
1) мынадай:
негізгі (орнатылған) жабдықты қосымша жинақтау, қосымша жарақтау, біріздендіру немесе оның қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ одан әрі техникалық қолдап отыру, оған сервистік қызмет көрсету және жөндеу, оның ішінде жоспарлы жөндеу (қажет болған кезде) үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
егер Қордың сатып алуын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес әзірленген және бекітілген сатып алу санаттық стратегиясында өзгеше көзделуі;
тапсырыс берушінің өнім беруші ретінде Қазақстан Республикасының бейрезидентімен өзі жасасқан шарт бойынша міндеттемелерді орындауы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу және осы шартта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушіге не өндірушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де мәліметтерге және (немесе) құжаттарға тиісті нұсқаулардың болуы;
мұнай өнімдері мен мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілердің мыналарды:
технологиялық қондырғыларға арналған технологиялық жабдықтарды және қосалқы материалдарды (катализаторлар, реагенттер, арнайы қоспалар), осындай технологиялық жабдыққа дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес пайдаланылатын технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер мен майлау материалдарын;
лицензиялық келісімдерге сәйкес технологиялық қондырғыларды пайдалану кезінде пайдаланылатын тауарларды сатып алу жағдайларын қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларға нұсқау жасауға;
2) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға;
3) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді не қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушыларды біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тануға;
4) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алуды жүзеге асыру кезінде біртекті емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді – біртектілігі бойынша, біртекті тауарларды – біртекті тауарлардың түрлері бойынша және беру орындары бойынша, біртекті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың орындалған, көрсетілген орны бойынша лоттарға бөлмеуге;
5) сатып алу бойынша сараптама комиссиясының не сатып алу жөніндегі сарапшының тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешім қабылдауына негіз болатын көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауына;
6) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға;
7) әлеуетті өнім берушіден тендерлік құжаттамада көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей