Ст. 16 Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ
Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы
16-бап. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің шешіміне шағым жасау
1. Егер тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші, өнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы. 2. Егер тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші өтінімдер, баға ұсыныстары ашылған күнге дейін олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы.
3. Егер тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушінің құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін бұзса, сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім беруші сатып алу қорытындылары туралы хаттама жарияланған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы.
4. Тендерлік комиссия тендер нәтижелерімен келіспеген әлеуетті өнім берушінің жолданымына уәжді шешім ұсынуға міндетті.
5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдер өткен соң тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің шағымы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес сатып алу веб-порталы арқылы берілуі мүмкін.
8. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет сатып алу қорытындыларының күшін жою және (немесе) оларды қайта қарау не олардың күшін жоюдан және (немесе) оларды қайта қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Сатып алу қорытындыларының күшін жою және (немесе) оларды қайта қарау қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымдарды қамтитын, сатып алу қорытындыларының күшін жоюдан және (немесе) оларды қайта қараудан бас тарту туралы уәжді негіздемесі бар шешім осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
9. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің осы баптың 8-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған сотқа шағым жасауға құқылы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей