Ст. 14 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ
Халықты жұмыспен қамту туралы
14-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілгеннен кейін жұмыспен қамтудың жеке картасына алынған мәлiметтер енгiзіле отырып жүзеге асырылады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркелген күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде хабарлайды.
4. Алып тасталды – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған жұмыссыздар – халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.
6. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей