Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ


Утратил силу

Халықты жұмыспен қамту туралы
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару

1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда: 

1) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде; 

2) дәлелсiз себептермен: 

халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде; 

шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде; 

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда; 

3) жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда; 

4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде; 

5) 15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда; 

6) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) — 3) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...39

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться