Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ


Утратил силу

Халықты жұмыспен қамту туралы
31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi

1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң: 

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша өтiнiш жасаған адамдарға консультация беруге; 

2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге; 

3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға; 

4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға; 

5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға; 

6) өтiнiш жасаған адамдар кейiн жұмысқа орналастырылатын кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға; 

7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырылатын жағдайда, оларды әкетуге рұқсат құжаттарын ресiмдеуге; 

8) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша конкурстарға қатысуға; 

9) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін ақпарат алуға; 

10) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасауға; 

11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға құқығы бар. 

2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi: 

1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге; 

2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге; 

3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге; 

4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға; 

5) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін өтініш жасаған және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы тоқсан сайын беруге; 

5-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шартты іске асыру туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына ай сайын беруге; 

6) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасын қалыптастыруға қатысуға мiндеттi. 

3. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерi жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгі кепiлдiк берген кезде ғана жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету кезінде жұмыс берушілердің банктерге кепілді жарна енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі. 

Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН ҚОЛДАНУ

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...39

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться