Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 34 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ


Утратил силу

Халықты жұмыспен қамту туралы
34-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы

1. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы органдар берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады. 

2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды. 

3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберіледі. 

Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді. 

Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оны еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға өтініш береді. 

4. Өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда, анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын және шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді. 

Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...39

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться