Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ


Утратил силу

Халықты жұмыспен қамту туралы
35-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы

1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілер тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады. 

2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары мен тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

3. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына кіргеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға мыналар: 

1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тартылатын ел мен ұйым; 

2) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсете отырып, тартылатын шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың саны, әрқайсысының білім деңгейі, біліктілігі, мамандығы және жұмыс тәжірибесі; 

3) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жібереді. 

4. Менеджерлерді және мамандарды корпоративішілік ауыстыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық ара қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

5. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүргізеді. 

8-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК


Ескерту. 8-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...39

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться