Ст. 10 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
10-бап. Iстi қараудың басталуы
1. Уәкiлеттi орган iс қарауды жүргiзудiң басталуы туралы шешiм қабылданған кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде алдағы iс қарау туралы мүдделi тұлғаларға хабарлайды және барлық мүдделi тұлғаларды iс қарауға тарту мақсатында хабарлауды мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарында таратады.
2. Хабарлауда:
1) тауарды экспорттаушы мемлекеттiң (мемлекеттердiң) және iс қарау объектiсi болып табылатын тауардың атауы;
2) iстi қарау басталатын күн;
3) iстi қараудың негiздемесi;
4) өтiнiштiң заңдылығын растайтын фактiлердiң қысқаша мазмұны;
5) мүдделi тұлғалар өздерiнiң материалдарын жолдауға тиiс мекен-жай;
6) мүдделi тұлғалар өздерiнiң материалдарын бере алатын мерзiмдер болуға тиiс.
3. Мүдделi тұлғалар мемлекеттiк тiлде немесе уағдаластық бойынша басқа тiлде жазбаша түрде жауап беруге тиiс.
4. Қорғау шараларын ықтимал қолдану мақсатымен iс қарау Қазақстан Республикасының кеден аумағына iс қараудың объектiсi болып табылатын тауарды кедендiк декларациялауға және жiберуге кедергi келтiрмеуге тиiс.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi iстi қараудың басталуы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап ол аяқталғанға дейiн сан жөнiнен шектеулер қолданбастан iс қараудың объектiсi болып табылатын тауардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортын лицензиялауды жүзеге асырады. 6. алып тасталды 7. Қорғау шараларын қолдану туралы өтiнiштi қолдаған бiр қазақстандық өндiрушiнiң үлесi ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың қазақстандық өндiрiсiнiң отыз бес процентiнен асатын жағдайда не, егер iс қараудың объектiсi болып табылатын тауар импортының жалпы көлемi Қазақстан Республикасының iшкi рыногында ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемiнiң жиырма бес процентiнен кем болса, монополияға қарсы органның аталған шаралардың Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы бәсекеге әсерiнiң салдары туралы қорытындысы болуы қажет.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.20 N 443 , 2005.06.16 N 59 , 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей