Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 209 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
209-бап. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау және оларды алу шарттары

1. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау донордан реципиентке жүргізіледі және мынадай кезеңдерден тұрады: ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу. 

2. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады. 

2-1. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады. 

Консервацияланған мөлдірқабық тіндерін сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес консервацияланған мөлдірқабық тіндерін трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады. 

2-2. Гемопоэздік, мезенхималық дің жасушаларын, иммундық жүйе жасушаларын, лимфоциттерді алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және трансплантаттау медициналық қызмет бейініне сәйкес жасушаларды трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады. 

Гемопоэздік дің жасушаларын алу, дайындау, сақтау, тасымалдау және аутологиялық трансплантаттау медициналық қызмет бейініне сәйкес гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, бейінді медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады. 

3. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) адамға (ықтимал реципиентке) одан әрі трансплантаттау мақсатында алу тірі адамнан (тірі кезіндегі донордан) немесе қайтыс болған адамнан (қайтыс болғаннан кейінгі донордан) жүргізіледі. 

4. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялаған кезде: 

1) адамнан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) мәжбүрлеп алуға; 

2) адамды өзінің ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) беруге мәжбүрлеуге; 

3) адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға; 

4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) алуға; 

5) қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға трансплантаттау үшін алуға; 

6) денсаулығының жай-күйі, жасы немесе өзге де себептер бойынша өзінің жеке басы туралы деректерді хабарлай алмаған және қайтыс болуын растау кезінде жеке басы анықталмаған адамдардан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады. 

5. Инфекция жұқтырған тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) реципиентке трансплантаттау үшін алуға тыйым салынады. 

Донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық аурулардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді. 

6. Ағзаларды (ағзаның бөлiгін) және (немесе) тiндердi (тіннің бөлігін) трансплантаттауды қамтамасыз ету үшін: 

1) ағзалардың (ағза бөлiгінің) және (немесе) тiндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің; 

2) ағзалар (ағзаның бөлiгі) және (немесе) тiндер (тіннің бөлігі) реципиенттерінің; 

3) ағзалар (ағзаның бөлiгі) және (немесе) тiндер (тіннің бөлігі) донорларының; 

4) ағзалардың (ағза бөлiгінің) және (немесе) тiндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімі қалыптастырылады. 

7. Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

8. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімінде Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттау мақсатында алуға келісімі немесе одан бас тартуы туралы ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталында жүргізілуі мүмкін. 

Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының ғана қол жеткізуі мүмкін болады. 

Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.03.2021 № 24-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2025 № 206-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...207 208 209 210 211 ...276

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться