Ст. 60 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
60-бап. Цифрлық денсаулық сақтау объектілері мен субъектілерінің өзара іс-қимылы
1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу және сақтау пациенттің медициналық көмек алуға хабардар етілген келісімі ескеріле отырып, медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады. 1-1. Көшіп келушілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады.
2. "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері деректерді Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына уәкілетті орган айқындайтын көлемде және жиілікпен беруді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Дербес медициналық деректерді үшінші тұлғаларға беру осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, жеке тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.
4. Дербес медициналық деректерді Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарына беру жеке тұлғаның келісімінсіз, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне беру медициналық көмек көрсету мақсаттары үшін ғана және:
1) осы Кодекстің 137-бабының 1-тармағында;
2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Дербес медициналық деректердің агрегаторлары денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауы, өңдеуі, сақтауы, қорғауы мақсатында ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді.
6. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастырады, сақтайды, қорғайды.
7. Тасымалданатын медициналық құрылғылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификатталуға жатады.
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей