Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Темiр жол көлiгi туралы
33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету

1. Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы: 

1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын; 

2) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес, өздерiнiң қарауындағы темiржол көлiгi объектiлерiнің әскерилендірілген күзетiлуiн; 

3) темiржол көлiгiнде өртке қарсы профилактикалық жұмыстың жүргiзiлуiн және өртті жоюды қамтамасыз етуге мiндетті. 

2. Темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етуге мiндеттi. 

3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде белгiленген тiзбе мен тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.  

4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.  

5. Темiржол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi. 

Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 596; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...32‑1 32‑2 33 34 35 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться