Ст. 67 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266
Темiр жол көлiгi туралы
67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының: 1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға не кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;
2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;
3) өзiмен бiрге жетi жасқа дейiнгi бiр баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз және жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу пайызын төлеп, оларға жеке орын беріп, алып жүруге құқығы бар.
Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;
4) бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бiрге ақысыз алып жүруге құқығы бар.
Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс.
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;
5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;
6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;
7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;
8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерiстер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;
9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға;
10) жазбаша талап ету бойынша тасымалдаушыдан (билет кассаларынан немесе жолаушылар агенттіктерінен) бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) бүлінген, жоғалған жағдайда, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Бұрын қайтарылған жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша телнұсқа берілмейді.
2. Жолаушы:
1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;
3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 596, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей