Ст. 91 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266
Темiр жол көлiгi туралы
91-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс. Қараудың нәтижесі туралы тасымалдаушы өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Кiнә қоюға жауапта:
1) жауап берілетін кінә қоюшы өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін кінә қоюдың күні;
2) кінә қою толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома және кінә қоюды қанағаттандыру тәсілі;
3) кінә қою толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, кінә қоюдан бас тартуды негіздейтін, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасалып, бас тартудың дәлелдері;
4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.
3. Кінә қою толық сомада қанағаттандырылған жағдайда өтініш беруші ұсынған құжаттарды тасымалдаушы қайтармайды.
Кiнә қою толығымен немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге кiнә қоюға қоса берілген құжаттар, сондай-ақ егер өтініш берушіде олар жоқ болса, бас тартуды негіздейтін құжаттар жіберілуге тиіс.
4. Егер өтініш беруші берген кінә қою осы Заңның талаптары бұзылып ресімделсе, онда осындай кінә қою қайтарудың себептері көрсетіліп, тасымалдаушыға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өтініш берушіге қайтарылады. Осындай кінә қоюды қайтару оны қанағаттандырудан бас тарту болып табылмайды.
5. Жүк жоғалған және бүлінген жағдайда кінә қоюды қанағаттандыру кезінде өтелуі тиіс сома оның сатушының шотында көрсетілген немесе шартта көзделген бағасы, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетілмеген кезде – салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшін алынатын баға негізге алынып айқындалады.
Тасымалдаушы залалды өтеумен қатар, жоғалған, жетіспейтін, бүлінген немесе зақымдалған жүктің тасымалданғаны үшін өндіріп алынған тасымалдау төлемақысын, егер осы төлемақы жүктің құнына енгізілмеген болса, қайтарады.
Егер жүк тасымалдауға оның құны жарияланып тапсырылса, онда ол жоғалған жағдайда, тасымалдаушы залалды – жарияланған құны мөлшерінде, ал ішінара жоғалған жағдайда – жүктің жоғалған бөлігіне барабар құнының мөлшерінде өтейді.
6. Егер кінә қоюды қарау кезінде жүктің мекенжайы ауыстырылса, не жүк жөнелтушінің немесе бастапқы жүк алушының өтініші бойынша басқа жүк алушыға берілсе, кінә қою оған жүк берілген жүк алушыны немесе оның өтініші бойынша жүктің мекенжайы ауыстырылған немесе жүк берілген тұлға көрсетіліп, қайтарылады.
Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей