Ст. 164 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу
Ескерту. 164-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында, ақпараттандыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында, су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті орган мен су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органға табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында, ақпараттандыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында, су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпарат, есеп және хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Ескерту. 164-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 95. Вещественные доказательства ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 702-бап. Тасымалдаушының көлiктi бермегенi үшiн және жөнелтушiнiң берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiгiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей