Ст. 21 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзудiң жариялылығы
1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) осы iстер бойынша іс жүргiзудi ашық жүзеге асырады. 2. Заңға сәйкес жабық іс жүргізу мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iске қатысатын тұлғаның бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке басы, отбасы құпиясын, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң ішкі сырлары туралы мәлiметтердi сақтау қажет екендігiне не ашық талқылауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған өтiнiшхатын қанағаттандырған кезде жүзеге асырылады.
3. Жеке тұлғалардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары өзара хат жазысқан және телеграф хабарларын алмасқан адамдардың келiсімiмен ғана ашық iс жүргiзу кезінде жария етiлуi мүмкiн. Бұлай болмаған жағдайда осы адамдардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары жабық iс жүргiзу кезінде жария етiледi және зерттеледi. Көрсетілген қағидалар жеке сипаттағы мәлiметтерді қамтитын фото- және киноқұжаттарды, дыбыс және бейне жазбаларды, электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты зерттеген кезде де қолданылады.
4. Iске қатысатын тұлғалардың және ашық iс жүргiзу кезінде қатысып отыратын жеке тұлғалардың iс жүргiзу жүзеге асырылып жатқан үй-жайда өздері отырған орындардан iстің жүргiзілу барысын жазбаша түрде немесе аудиожазбаны пайдалана отырып жазып алуға құқығы бар. Iс жүргiзу барысында кино- және фототүсірілімге, бейнежазбаға, радио, теледидар және интернет-ресурстар бойынша трансляциялауға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысатын тұлғалардың пiкiрi ескеріле отырып, жол берiледi. Бұл әрекеттер iстiң қалыпты жүргізілу барысына кедергі келтірмеуге тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Читать еще раз
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 449-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимылы шеңберінде алынған ақпаратты пайдалану ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 536-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнаулы оңайлатулар ҚР Салық кодексi 124-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей