Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 259 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында әрекеттер жасау

Ескерту. 259-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекеттер жасауы – 

жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы – 

жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 259-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...257 258 259 260 261 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться