Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 404 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.10.2021

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
404-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу

1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтаға қатысты жасалған операцияларды көрсететін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы – 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Мақта өңдеу ұйымының "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзып, кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюы, сондай-ақ негізгі құралдарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмайтын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды иеліктен шығаруы – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Мақта қолхаттарын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін олар құжаттамамен расталған жағдайда жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Лицензиаттың лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы – 

жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау – 

лицензиядан айыруға әкеп соғады. 

Ескерту. 404-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...402 403 404 405 406 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Назар, добрый день!

А Вы можете проконсультировать по получению образовательной лицензии в Казахстане?


Добрый день!

Нужно ли отдавать в бюджет неустойку (штафные санкции по договору государственных закупок за каждый день просрочки) за несвоевременно поставленный товар полученный по бюджетной программе 033. специфика 418 -материально техническое оснащение государственных предприятий . Или эта сумма будет являться доходом предприятия и можно использовать для собственных нужд РГКП.


Здравствуйте. Подскажите пожалуйста как с вами связаться для полной информации? Покупаю товар новый после моих претензий касаемо допов и документов (автомобиль приобретается в кредит)ответ был предоставлен на 17день. И то не полный. На 21день после моего звонка сообщают что договор купли продажи подготовлен для расторжения. Хотя я не отказывалась от товара и оплаты. Прописано в претензии об этом. Законно ли действие автосалона казахстана? 8775 257 4911 позвоните пожалуйста на этот номер. 8747 901 4486 ватсап.


здравствуйте,даже незнаю как написать.... можно хоть как-то связаться с Вами лично? ( дайрект,почта,по телефону)? напишите пожалуйста мне: 87077527872. я перезвоню. заранее спасибо!


Здравствуйте. Входит ли в раздел имущества приобретённая в КРЕДИТ одним из сторон в браке,И второе,купленная недвижимость в браке на общее сбережения, но оформлена на родственника, то есть на мать ,можно ли оспаривать, на какие сбережения была купленна, если предоставить документы,


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться