Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 552 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету

Ескерту. 552-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік бақылаудан тыс не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не декларацияланбай немесе анық емес декларацияланып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау және сатып алу – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - 

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 552-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...550 551 552 553 554 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться