Ст. 611 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
611-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 611-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
на какой минимальной высоте может летать самолет над населенным пунктом?
добрый день. работник допустил грубую ошибку в работе повлекшую убытки в очень крупном размере. имеет ли право работодатель перевести данного работника на должность ступенью ниже?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей