Ст. 631 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
631-бап. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау
Ескерту. 631-баптың тақырыбы жаңа редакцияда- ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Жолдарда жұмыстар жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау –
жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан әрекеттер -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 631-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?
Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?
Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?
Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю
Как производится удержание алиментов с дохода ИП на упращенке?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей