Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 635 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.06.2021

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
635-бап. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу

1. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу – 

жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне жиырма жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау жөніндегі деректерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау – 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 635-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Статья 1 ...633 634 635 636 637 ...920

Перейти к статье

Лучшие юристы

Арман
Райли Дэвид Киан
kzld
Спас Капитал
Мадияр

Все юристы

Новые комментарии на сайте





Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться