Ст. 637 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын: 1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;
2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзiмдерiн бұзу;
3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;
4) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
6) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;
9-1) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-2) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;
10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;
11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы;
12) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) пошта операторларының пайдаланушыларға қызмет көрсету және операциялық күндi өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауы;
14) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiнің жоғалуына алып келген қабылдау және табыс ету, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы;
15) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiндегі тыйым салынған нәрселер мен заттарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі талаптарды бұзуы;
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қою және шаралар қабылдауды қоса алғанда, байланыс операторларының және желі иелерінің өз байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етпеуі –
17) байланыс операторларының байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзуы –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету бойынша міндетті орындамауы –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-бөліктің екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-бөліктің екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
14. Пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16, 17, 18, 19-бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескертпелер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
3. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей