Ст. 710 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 338, 339, 340, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүзге дейінгі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мыңға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) алып тасталды – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 710-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей